САНАП КӨРІҢІЗШІ...
♥«Ол (Алла) аспаннан су түсірді. Сендер үшін одан сусын бар және одан мал жаятын өсімдіктер өседі. Онымен (сумен) сендерге егін, зәйтүн, құрма ағаштарын, жүзім және барлық жемістерді өсіреді. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар. («Нахл» сүресі, 10-11-аяттар).
♥"Әрі Ол сендерге түн мен күндізді, күн мен айды бағындырды. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты. Ақиқатында, мұнда ақылдарын істететін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар. («Нахл»:12)
♥"Сондай-ақ, Ол сендерге жерде алуан түсті етіп жатқан нәрселерін де бағындырды. Міне, осы нәрседе еске алатын (ғибраттанатын) адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.(«Нахл»:13)
♥"Әрі Ол жерде, оның сендерді шайқалтпауы үшін берік тұрғандарды (тауларды) тастады (орнатты) және бағыт-бағдар (жол) табуларың үшін өзендерді және жолдарды". («Нахл»:15)
♥ "Сондай-ақ (басқа да) белгілерді жасады. Әрі олар жұлдыздар арқылы да бағыт-бағдар жол табады.(«Нахл»:16)
♥"Олардың іштерінен (ара) алуан түсті ішетін зат шығады. Онда адамдар үшін шипа бар. Міне, мұнда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибрат бар".(«Нахл»: 69)
♥"Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстарды көрмеді ме? Оларды Алладан басқа ешкім де ұстап тұрған жоқ. Міне, мұнда иманға келгендер үшін белгі-ғибрат бар". («Нахл»:79)
♥ "Алланың игіліктерін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Алла өте Кешірімді, ерекше Мейірімді". («Нахл»:18)
♥ "Әрі аспандағы және жердегі барлық жаны бар және періштелер Аллаға сәжде етеді. Және олар (періштелер) өздерін жоғары санап, менменсімейді".(«Нахл»:49)
♥ "Олар өздерінен жоғарыдағы (үстеріндегі) Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды.(«Нахл»:50)
♥ "Жаратушы жарата алмайтын біреу сияқты ма? Неге еске алмайсыңдар (ғибрат алмайсыңдар?).(«Нахл»:17)
♥ "Ал олардың Алладан өзге шақыратындары (табынатындары) еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, олардың өздері жаратылған".(«Нахл»:20)
♥ "Сендердің құдайларың – жалғыз Құдай. Ал соңғы мәңгілік өмірге (ақыретке) сенбейтіндердің жүректері (мұны) теріске шығарады әрі олар өздерін жоғары санайтын тәкаппарлар» («Нахл»:22).