1. Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын), Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла тағала: «Егер Мен иманды құлымның жақсы көретін бір адамын алсам, ал ол Менің сыйымнан үміттеніп сабыр сақтайтын болса, онда оның сыйы Жәннат қана болмақ». (Бұхари) Әнәстан (оған Алла разы болсын) басқа хадисте: « «Шындығында, Ұлы мәртебелі Алла: «Егер Мен құлымның екі сүйіктісін алып сынасам, ал ол оған сабыр етсе, онда оған екеуінің орнына Жәннатты беремін»,-деді» делінген. (Бұхари)
1.Адамның сүйіп, жақсы көргенінен айырылуы – михнаттың ең үлкені.
2. Қиындыққа сабыр етіп, Алладан берілетін сауапты үміттену – кемел иманның белгісі.
3. Ауыртпалыққа күйініп, реніш білдіру иманның әлсіздігін білдіреді.
4. Екі көз адамның ең сүйікті мүшесі. Сол үшін көздерінен айырылған адам сабыр етсе, Жәннатқа кіреді.
5. Адамның зағип болу кезеңі дүниеден өтумен аяқталады. Жәннатқа кірсе қос жанары қайта беріледі.
6. Сауап пен сый машақаттың деңгейіне байланысты. Зағип кісі машақатты өзгелерден көбірек шегеді.